- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Есірткі жасырып жүрген...
Есірткі жасырып жүрген шымкенттік 15 жылға дейін сотталуы мүмкін
Фото:
Polisia.kz
Шымкентте есірткіні жасырын қойып кетуші ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам есірткіні жасырмақ болған сәтте қолға түсті. Тексеру кезінде ұсталған азаматтан аса ірі мөлшердегі мефедрон табылды.
Күдіктіден "синтетиканың" 27 дана бір реттік дозасынан бөлек, пышақ пен қанжар тәркіленді.
Ер адамның бұрын сотты болғаны анықталды. Қазіргі таңда күдікті қамауда.
Заңнамаға сәйкес психотроптық заттарды өткізгені үшін ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина