Есірткі әсерінен жасалатын қылмыстар саны қаншаға азайды?

Есірткі әсерінен жасалатын қылмыстар саны қаншаға азайды?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысында есірткі әсерінен жасалатын қылмыстар 20%-ға азайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Павлодар облысында полиция қызметкерлері есірткі қылмыстарының 248 дерегін әшкерелеп, заңсыз айналымға қатысы бар 56 адамды құрықтады.

Жалпы салмағы 420 келіден аса түрлі есірткі және психотроп заттар, соның ішінде 16 келі синтетикалық есірткі тәркіленген. 

10 өңірде жүргізілген "Қарасора" жедел алдын алу шарасы барысында есірткі таратумен айналысқан SilkWay интернет дүкенінің қызметі тоқтатылды. Тергеу барысында құрамында каннабис сығындысы мен хэшмайы бар 3500 капсула тәркіленіп, каннабис негізіндегі синтетикалық есірткі мен психоактив заттарды өндіретін үш зертхананың жұмысы тоқтатылды.

"Қыркүйекте Екібастұз қаласында анықталған нарколабораториядан 20 байлам синтетикалық психотроп зат тәркіленді. Есірткі заттарының әсерімен жасалатын қылмыстар саны былтырмен салыстырғанда 20%-ға азайған. Биыл мұндай 67 қылмыстық іс сотқа жолданып, 66 электрон ресурстарды пайдалану арқылы жасалған құқықбұзушылық тергелді", - деп жазылған хабарламада.

"Кибербақылау" жүйесі арқылы 100 заңсыз материалға қол жеткізу шектеліп, OLX платформасымен бірлескен жұмыс нәтижесінде 115-тен аса жарияланым жойылды. Бұл материалдар бірнеше мыңнан бастап миллионға дейінгі аудиторияны қамтыған. Жүргізілген жұмыстардың арқасында интернетте есірткі таратумен байланысты кәмелетке толмағандарды қылмысқа тартудың үш дерегі тоқтатылған.

Еске салайық, бұған дейін 2 ай ішінде 12 есірткі зертханасы мен 4 притон әшкереленгені хабарланды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова