Екібастұзда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер аймағына кіріп, орындықта отырған әйелге соғылған. Қатты соққыдан зардап шеккен адам есінен танып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада көлік орындықта отырған әйелге соғылып, оны бірнеше метр сүйреп апарып, дүкен ғимаратына соғылғанын көруге болады.
Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 21 қарашада сағат 17:30 шамасында болған.
"HYUNDAI Matrix жүргізушісі Мұхтар Әуезов көшесінде шұңқырға түсіп, содан кейін рульді басқара алмай, әйел отырған орындыққа соғылып, траекториясын өзгертіп, дүкен ғимаратына соқтығысқан", - деп түсіндірді аймақ ПД баспасөз қызметі.
Автокөлік арнайы автотұраққа қамалды.
"ЖКО фактісі бойынша сараптама тағайындалды, тексеру жүргізілуде", - деп атап өтті баспасөз қызметі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз