- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Есінен танып қалады"....
"Есінен танып қалады". Неге стресс әйелдерге қарағанда ер адамдарға зиян?
Көп жыл бойы медицина қауымдастығында ерлерге қарағанда әйелдер стрестен көбірек зардап шегеді деген дәстүрлі пікір қалыптасты. Ер адамдар стреске көп түспейді деп есептелді.
Жақында әйелдерге қарағанда ер адамдар күйзеліске және түрлі жүйке-психикалық ауытқуларға көбірек ұшырайтыны дәлелденді. Оның үстіне, ғалымдар неге бұлай болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Doctorpiter.
Ген және хромосома
Біздің гендер тек артрит, асқазан жарасы немесе қант диабеті емес, көп нәрсені кодтайды. Психика реакциясының ерекшеліктері және белгілі бір жүйке не психикалық патологиялардың даму үрдісі генетикалық деңгейде белгіленеді. Осылайша, невроз, апатия немесе депрессия сияқты психикалық бұзылуларға әйелдер емес, ер адамдар жиі ұшырайтыны анықталды.
Мэриленд ғалымдары әйел психикасының ер адамға қарағанда күйзеліске және жағымсыз психикалық түрткілерге төзімді екенін анықтады. Бұл арнайы геннің деңгейінде бағдарламаланған - олар жыныстық Х хромосомасынан табылған OGT. Сонымен қатар, кейінгі өмірдегі психиканың тұрақтылығына плацентадағы ерекше қосылыс деңгейі әсер етеді - H3K27me3. Эмбрионның жынысы да осы затқа байланысты.
Стресс сперматозоидтардың "психикасын бұзады"
Ер адамның өміріндегі күйзеліс тек өзіне ғана емес, оның ұрпақтарына да кері әсерін тигізетіні туралы деректер де бар. Ғалымдардың айтуынша, стресс аутизм мен шизофрения сияқты патологияларды тудыруы мүмкін. Тұрақты күйзеліс жыныс жасушаларының-сперматозоидтардың құрылымын өзгертуі мүмкін. Яғни, олардың гендерінде белгілі бір өзгерістер кодталатын болады, бұл болашақ бала миының қалыптасуына теріс әсер етеді.
Ерлердегі психикалық ауытқудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың арасында мына патологиялар жиі анықталады:
- агрессив мінез-құлық;
- ішімдікке тәуелділік;
- нашақорлық;
- құмар ойындарға тәуелділік.
Сондай-ақ, ер адамдарда шизофрения жиі кездеседі, әсіресе оның ауыр формаларында - галлюцинация, логикалық тұрғыда ойлана алмау.
Көбіне ер адамдар диссоциатив тұлғаның бұзылуынан немесе социопатиядан зардап шегеді. Ол үшін әдетте "еркек" ерекшеліктері - шамадан тыс қатыгездік пен шексіз билікке деген ұмтылыс, басқаларды басу арқылы үстемдік. Мұндай адамдар қатал көшбасшыларға айналады, басқаларды бағындырады немесе қылмыс жасағаннан кейін емханаларға түседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек