- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Есімін де өзгерткен:...
Есімін де өзгерткен: қазақ қызын алған кореялық ер адам ислам дінін қабылдады
Назым Жұматаева бұдан 7 жыл бұрын кореялық азаматпен бас қосқан. Ол - Қызылорда облысы Шиелі ауданының тумасы. Шаңырақ көтергеніне бірнеше жыл өткеннен кейін Назымның кореялық күйеуі ислам дінін қабылдауға бел буған. Қазақстанға келген отбасы мұсылманша неке қиып, кенже қызына азан шақырып есім берген. Назымның күйеуі бұл шешімге қалай келді? Оған қандай есім берілді? Massaget.kz тілшісі бұл туралы кейіпкермен сұхбаттасты.
Назым бұдан 8 жыл бұрын Оңтүстік Кореяға жұмыс бабымен барып, сол жақта қалған. Бір жылдан кейін, 2016 жылы, күйеуімен танысқан. Араға тағы бір жыл салып, жұп шаңырақ көтереді. Ал 2018 жылы тұңғыш қызы, кейін 2020 жылы ұлы, 2022 жылы кенже қызы Саяна дүниеге келген.
Назымның айтуынша, күйеуі бұған дейін де Қазақстанға келген. Бірақ бұл сапарында бәрі басқаша болды.
Бұл жолы күйеуі біржола мұсылман дінін қабылдаған, оған қоса, кенже қызына азан шақырып жаңа есім берілген.
"Бұдан 2 жыл бұрын күйеуіме ислам дінін қабылдауға ұсыныс жасап көрдім, қарсы пікір айтпады, керісінше, "қабылдауға дайынмын" деді. Содан жүре келе Сеул қаласындағы мешітке барамыз деп келістік, бірақ уақытымыз болмай, барлық жөн-жоралғы Астанаға келгенде ғана жасалды. Мұсылманша неке қидық, қызыма азан шақырып Саяна деген есім бердік", - деді ол.
@nazym_korea #реккешығарайықшы?? #реккешығарайық #реккереккерек #реккешығамызба #реккешығарыпжберіңдерші❤ #реккешығарайықшы #реккешығарыпжберіңдерш #реккешық #реккешық #рекхочу?❤ #реккереккере #реккерекемес? ♬ оригинальный звук - nazym_korea2
Назым Жұматаева мәһрге алтын сұрағанын айтты.
Назымның айтуынша, кенже қызы дүниеге келгенде Сохён деген есім берілген. Сохён корей тілінен аударғанда "кішкентай жұлдыз, жарық жұлдыз" деген мағына береді. Астанаға келген жұп кенже қызына азан шақырып, Саяна есімін берген.
Қызына есім берілгеннен кейін шаңырақтың үлкендері Саянаны бесікке бөлеген. Олар алдымен салт бойынша бесікті аластап, "тыштыма" ырымын жасаған. Кейін Саянаға әлдиін айтып, оны бесікке салған.
Ислам дінін қабылдаған Назымның жұбайы Джон Хеджинге де жаңа есім берілген.
"Үлкен кісілер маған "жырақта қамқор болып журсін" деген ниетпен күйеуіме Қамқор деген есім берді. Күйеуім алғашында Қамқор деген есімнің біртүрлі естілетінін айтып, басқа есім алғысы келген, алайда мағынасын түсінгеннен кейін ойынан айнып қалды", - деді кейіпкер.
Бұдан басқа отқа май құю (жас отау шаңырағы көтерілгенде жасалатын жақсы ырымдарды бірі - еск.) дәстүрі де жасалған.
"Отқа май құю дәстүрін әкемнің ағасының әйелі, үлкен мамам Айткүл жасады. Қазақстанға алғаш келуі емес, бірақ біздің шаңыраққа алғаш келіп отыр. Сондықтан үлкендер осылай қарсы алды", - дейді Назым.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек