- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Есімді шығарды". Оралда...
"Есімді шығарды". Оралда жүрген Жахан Отарғалиев ауыр жағдайға тап болғанын айтты
Оралдағы жерлестеріне су тасқынының алдын алу үшін көмектесуге барған танымал актер Жахан Отарғалиев сырқаттанып қалғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, ауру салдарынан ешқайда шыға алмай қалған.
"Оншақты күн болды. Жөтелім кетпейді. Өзімнен өзім терлей беремін. Біраз адамда сондай болып жатыр екен. Соның салдарынан ешқайда шыға алмай жатырмын. Үйдің жанындағы суды жайлап қарап қойып жүрмін. Басқа ешқайда шыға алмай жатырмын. Ешқандай өзгеріс жоқ. Бәрі жақсы. Мына жөтел есімді шығарды. Не екенін түсінбей тұрмын. Көк тер болып жатырмын. Бір вирус жүрген сияқты, мұқият болыңыздаршы", - дейді актер.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек