- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Есімді ауыстыруға бола...
Есімді ауыстыруға бола ма? Нұрлан имам жауап берді
Нұрлан имам оқырманының сұрағына жауап беріп, бала есімін ауыстыруға қатысты пікір білдірді. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Имамның сөзінше, шын мәнінде есімде тұрған ештеңе жоқ, оның үстіне қазір есім ауыстыру сәнге айналып кеткен. Десе де ең бірінші орында есім емес, балаға берілген тәрбие тұруы қажет екен.
"Бүгінде азан шақырылған есімді ауыстыру сәнге айналды. Жалпы есім өзгертуді адам өміріндегі құбылысты бұрылыс деп санауға болады, яғни тағдырды басқа арнаға бұру. Уақытында дұрыс есім берілмесе немесе ұялу ыңғайсыздығы туындаса, есімін өзгерту ықтияры, әрине, дұрыс. Оның өзі қандай жағдайда, мәселен, мұсылман балаға өз дәуірінде қандай да бір халыққа зұлымдығы өткен дінсіздің есімі білместікпен берілсе ғана есімді өзгерту міндет болып табылады. Ал қазіргі қазақи есімдерді өзгерту, оны арабшаға ауыстыру не болмаса арабша тіркемелерді есімнің алды-артына тіркеу, болмаса шетел тіліне ыңғайлау құр ғана әурешілік. Мұсылмандық есімде емес, жүректе, иманда, мінезде!!! Қазақтың көзден, сөзден, тілден қорғаныш есебінде аталған Қиқым, Итаяқ, Жаманбала, Сасықбай т.б. бұл дүниеде есімдерінен, мұсылмандықтан жиренбей, иманмен өткен. Ендеше, өзімізді өзегімізден теппейікші ағайын!" - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін Нұрлан имам мешітте неке қиюға қатысты пікір білдірген еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова