- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Есмағамбетова: Көкжөтелге шалдыққандардың...
Есмағамбетова: Көкжөтелге шалдыққандардың көбі - екпе салдырмаған
Көкжөтелге шалдыққандардың басым көпшілігі - екпе салдырмаған. Еліміздің бас санитар дәрігері қауіпті індетке қарсы жұртты жаппай вакцина алуға шақырды. Айжан Есмағамбетова жұқпалы вирустың алдын алуда франциялық вакцина тиімділігін дәлелдеді деп сендірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Көкжөтелден қорғанудың бір ғана жолы бар - вакцинация. Қазіргі таңда екпе 2екі айдан басталады, содан кейін балалар бір жасқа толғанша қатарынан үш рет екпе алады. Еуропалық сападағы вакцина. Өндірушісі - Франция. Сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді. Жалпы стастиканы қарасаңыз, науқастардың 90 пайыздан астамы - екпе алмаған", - дейді ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова.
Дәрігерлердің айтуынша, көкжөтел, әсіресе балалар мен жасөспірімдерге қауіпті. Егер дер кезінде екпе жасалмаса, аса қауіпті вирус ауыр түрде өтеді тіпті өлімге әкеледі. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, он науқастың төртеуі ауруға төтеп бере алмай көз жұмуы мүмкін. Жалпы жыл басынан бері Қарағанды мен Ұлытау облыстарында көкжөтелге қарсы екпе салдырмаған екі бала қайтыс болды. Ай сайын елімізде 400-ге дейін коклюш жұқтыру дерегі тіркеліп жатыр. Айжан Есмағамбетова ата-аналарға балаларын иммундау шарасын кейінге қалдырмауға шақырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина