Түркістан облысында жолда "Газель" өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Шымкент - Самара автожолында болған. 16 оқушы мен бір жүргізуші болған газельді өрт толығымен шарпыды.
Жолаушылар көліктен алдын ала шыққан. Олар Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға бара жатқан.
Өрт 37 минутта сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!