- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Есіктегі адамшошырлық оқиға:...
Есіктегі адамшошырлық оқиға: дәрігерлер жараланған төрт адамның жағдайын айтты
Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері Есіктегі тұрмыстық жанжал кезінде зардап шеккен төрт адамның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау басқармасы өкілі 5 қарашаға қараған түні Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасының қабылдау бөліміне зардап шеккен төрт адам түскенін айтқан.
Ведомство мәліметінше, 1991 жылы туған науқас кеуде қуысынан жарақат алған. Қазір ол бейінді бөлімге ауыстырылған. Жағдайы тұрақты. 1984 жылғы тағы бір науқастың дене және іш қуысында пышақ жарақаты болған. Оған ота жасалған, жансақтауда жатыр, жағдайы өте ауыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
1987 жылғы науқастың желке аймағында кесілген жаралар және оң жақ иығында жарақат болған. Ол травматология бөліміне жатқызылған, жағдайы тұрақты. Тағы бір науқас тексерістен кейін амбулаторлық ем алуға жіберілген.
Алматы облысының полицейлері де олар тұрмыстық жанжал кезінде зардап шеккенін атап өтті. Олардың бірі алған жарақаттарынан қаза болған. Бұл іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша тергеліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова