- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Есікте полиция жоғалған...
Есікте полиция жоғалған баланы алты ай бойы іздемей келген
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мектеп директорының "6-сынып оқушысы жоғалып кетті" деген мәлімдемесіне бес ай бойы жауап бермеген полицейлердің үстінен прокурорларға шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдіктің мәліметінше, Есік қаласында Райымбек батыр атындағы мектептің 6-сынып оқушысы оқу жылы басталғалы мектепке бармаған.
"Осы оқу мекемесінің директоры полицияға да, аудандық білім бөліміне де хабарласқан. Алайда мектеп директорының өтінішін ешкім елемеген, жауапты тұлғалар бұған қатысты жауап бергісі келмеді.
Біз Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасына хабарластық, ол баланың жоғалу фактісін растап, қылмысты жасырғаны үшін ювеналды полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғады", - деп хабарлады әкімдік.
Прокуратура ювеналды полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғаған соң тәртіп сақшылары баланы бір күнде тауып алған. Баланың Алматыда, аудандардың біріндегі қорада заңды өкілдерінің қарауынсыз қалғаны белгілі болды.
Қазір бала мен анасы әкімдікке қарасты мекемеге орналастырылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан