Әлеуметтік желіде әйеліне палау пісіріп берген қарияның бейнежазбасы көпшілікті таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоны arayka.umirzakova атты қолданушы жариялаған.
@arayka.umirzakova Қазіргі кеудесін соққан біраз жігіттерге үлгі болсын!
♬ оригинальный звук - R12NURIK
"Қазіргі кеудесін соққан біраз жігіттерге үлгі болсын! Әжем 3 күн тамақ жемей қойды. Атам "өз қолыммен жасап берсем, жейді" деді. 80-ге келсе де, махаббаты мен жылулығын көрсетуден шаршамайды. "Нағыз ер азаматтың" үлгісін маған танытқан Аташым. Әжем риза", - деп жазды видео авторы.
Желі қолданушылары үлкен кісілердің махаббатына тәнті болды.
"Ескірмеген махаббат", "Ақылды, саналы қариялар", "Аман болсын, ауырмасын", "Әкем осындай еді, есіме түсіп кетті","Бізге де осындай махаббат берсін", Апамыз нәзік, ерке болған сияқты. Махаббат, сыйластық мәңгілік болсын!", "Ер адамның жасаған тағамы дәмді болады", "Бір-бірін бетін жұлып, күнде қырылып, ұрсысып отырған, бір-біріне қадірі жоқ кемпір мен шалды да көрдім, ал мына кісілердікі тұнып тұрған тәрбие ғой" деп жазды бейнежазбаның пікір бөліміне.
Еске салайық, бұған дейін желіде орыс қызбен видеоға түскен Қайрат Нұртас жұрттың сынына қалғаны туралы жарияланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!