- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ескерту! Жабайы жағажайда...
Ескерту! Жабайы жағажайда демалу қауіпті болуы мүмкін
Жабдықталмаған жағажайларда демалу қауіпті болуы мүмкін. Өйткені, өзендер мен көлдер жағалауының жабайы учаскелеріндегі түбі, әдетте, жарақат алу қаупі бар заттардан тазартылмаған. Бұл туралы мамандар ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Радио 1" сілтеме жасап.
"Мұндай жерлерде сүңгуге, ағаштардан секіруге және тыйым салу белгілерін елемеуге болмайды. Мамандар су ойын-сауықтарын сүйетіндермен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, оларға табиғатта алкогольдік ішімдіктерді ішпеуге, балаларды қараусыз қалдырмауға және шомылу үшін тек қауіпсіз орындарды таңдауға кеңес берді", - деді "Мособлпожспаса" баспасөз қызметі.
Ал ақ жұқпалы аурулар дәрігері Владимир Неронов тропикалық жағажайларда жәндіктерден, мысалы, терінің жоғарғы қабаттарына жұмыртқа салатын құм бүргелерінен сақ болу керегін айтты. Сондай-ақ, оның айтуынша, жабайы жағажайда Денге безгегін тудыруы мүмкін тропикалық масамен кездесу мүмкіндігі бар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Өріктің қандай пайдасы бар?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә