Ескерту: бүгін екі қалада ауа ластанады

Ескерту: бүгін екі қалада ауа ластанады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

"Қазгидромет" Алматы мен Ақтөбе тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2024 жылдың 6 қыркүйегінде Ақтөбе және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұған атмосферада ластаушы заттардың жиналуы себеп болмақ", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 6 және 7 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасаған еді. 

Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, республиканың солтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр жауады.

7 қыркүйекте түнде республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батыс антициклонның екпінімен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша түнде және таңертең солтүстік және шығыс аймақтарда тұман түседі және 2 градусқа дейін аяз болады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина