Астанадағы "Нұр-Сұлтан" теміржол вокзалында адамдар қысылып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео әлеуметтік желіде тарады. Видеодан адамдар вокзалдағы эскалаторда сығылысып, қысылып қалғанын көруге болады. Куәгерлердің сөзінше, кейбір адамдар эскалатордан құлап жатқан.
"Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ мәліметінше, 14 қаңтар демалыс күні болғандықтан және ауа райының қолайсыз болуына байланысты автожолдар жабылып, бір уақытта екі пойыз қатар келуіне байланысты вокзалда адам көп болған.
"Вокзал бойынша кезекшілер жолаушылар ағынын реттеу бойынша шаралар қабылдады, алайда жолаушылар тарапынан конкорстық өткелден өту кезектілігі мен қауіпсіздік техникасы сақталмады, эскалаторды қолдану қауіп тудырды.
Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін эскалатор дереу тоқтатылды. Қазіргі уақытта вокзал штаттық режимде жұмыс істейді", - деп түсіндірді компания өкілдері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!