- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ескі вагондар жаңартылып,...
Ескі вагондар жаңартылып, билет арзандайды
Алдағы 5 жылда Қазақстандағы пойыздардың барлығы жаңартылады, - деп хабарлайды nur.kz сайты.
Оның ішінде «Жезқазған-Бейнеу», «Арқалық-Шұбаркөл» желісі бар. Айналма жолдар мен іркіліс бұрылыстар артта қалып, елдің оңтүстігі мен солтүстігі, батысы мен шығысының арасы бірталай жақындай түсті.
Қазақстан темір жолшылары жолаушы тасымалына да жауаппен қарайды. Алдағы 5 жылда ескі-құсқы поездардың барлығы дерлік жаңартылмақ.
Шар-Өскемен арасын төте жалғайтын 151 шақырымдық жол бойында Ұлан мен Жарма аудандарындағы 5 станса мен бірнеше разъезд құрылған.
“Бұрын Алматыға қатынайтын ел-жұрт Ресей елінің шекарасы арқылы екі тәуліктен астам жолда жүрсе, бүгінде 15-16 сағатта оңтүстік астанаға жетеді”, – дейді «Досжан темір жолы» АҚ Басқарма төрағасы Мұрат Қоқаев.
Елімізде соңғы 2,5 жылдың ішінде ұзындығы 1250 шақырымдай су жаңа темір жол салынған. Соңғы 5 жылда поезд вагондарының барлығы дерлік жаңартылмақ. Билетке жеңілдік бар.
“Неғұрлым жолаушы ерте сатып алса, билетті 35 пайызға дейін жеңілдікті пайдалануға болады. Одан бөлек, бізде бірнеше жеңілдікті карточкалар бар. 16-25 ке дейінгі жастарға 10 пайыз жеңілдік болса биылғы 1 тамыздан бастап 30 пайызға көтерілді”, – дейді «Қазақстан Темір жолы ҰК» Жолаушылар тасымалы» АҚ бөлім басшысы Әубәкір Смайылов.
Зейнеткерлер мен саяхатшыларға да 20-30 пайызға арзанға алуға болады екен. Жолаушылар тасымалы АҚ бөлім басшысы Әубәкір Смайыловтың айтуынша, елімізде 12 жүрдек поезд жүреді.
«Жолаушыларға көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын көтереміз», – дейді мамандар. Тальголарда тегін интернет қосылып, жолға қажет жабдықтар таратылмақ.
@. @assel_assanova