Есік көліне баратын жол көктемге дейін жабылды

Есік көліне баратын жол көктемге дейін жабылды
Фото: instagram.com/ile_alatau_nationalpark/

Іле-Алатауы ұлттық паркінде Есік көліне апаратын жолда көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Ұлттық парк жариялаған хабарландыруға сәйкес, жолдың жетінші шақырымынан бастап көлікпен өтуге шектеу қойылған. Ол 2026 жылғы 17 қарашадан 2027 жылғы 15 сәуірге дейін күшінде болады.

Шектеу қызмет көрсететін ұйымдарға, жедел қызметтерге және жергілікті тұрғындарға қолданылмайды. Ал өзге келушілер аталған кезеңде көлге автокөлікпен бара алмайды.

Ұлттық парк әкімшілігі туристерден сапарды жоспарлау кезінде осы шектеуді ескеруді хабарлады.

Есік көлі – Алматы облысындағы танымал туристік орындардың бірі. Ол Алматыдан шамамен 65-70 шақырым жерде орналасқан. Қаладан көлге дейінгі жол әдетте бір жарым, екі сағатқа созылады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

О. Сансызбай
Logotype Massaget