Іле Алатауы ұлттық паркінде орналасқан Есік көліне барар жолды қар басты. Есік пен Түрген тау шатқалдарында 13 мың текше метр қар көшкіні тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазір көлге ешқандай көлік өте алмайды. Қарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Ауа райы жылынуына байланысты тауда батпақ көшкіні болу қаупі бар.
"Жолды басқан қар көлемі - 175 текше метр. Зардап шеккен адамдар жоқ. Жолды тазалауға облыстық автомобиль жолдары басқармасы жауапты. Қазір қауіпті кезең. Жол тазалаушы техниканы кіргізуге болмайды. Жол наурыздың соңына дейін ашылмайды. Бақылау бекеті орнатылған. Адамдардың өтуіне рұқсат жоқ. Жағдай бақылауда", - деді Есік қаласының әкімі Асхат Мұратбайұлы.
Саламат Сабыр
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!