- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ескі көлік екен...
"Ескі көлік екен ғой". 11 жыл бірге оқыған досына көлік сыйлаған сыныптастар көпшілікті тәнті етті
Әлеуметтік желідегі көпшілікті 11 жыл бірге оқыған досына көлік сыйлаған сыныптастар тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеодан бір дастархан басында отырған достарды көруге болады. Алғашында ер адам барлығына тілек айтып, артынан досына сыйлығы бар екенін жеткізді.
"Бүгін қиыншылықта, ертең жақсылықта бірге боламыз. Бәрі алланың қалауымен. Бұйрық келді, біз жәй ғана себепкерміз. Дархан бауырым, бұл ісімізді қолдау, сыйлық деп түсінсең де болады. Бұл шын көңілмен жасалынып отырған іс. Ешқандай арам ойымыз жоқ. Біздің саған сыйлығымыз бар", - деп сыйлықты табыстауға досын сыртқа шақырды видеодағы ер адам.
@bolusbekovay08 #fypシ゚ #рек #w124 ♬ оригинальный звук - Kamila🦋
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінген. Бірі ер адамды құттықтап, жылы тілегін айтса, енді бірі көліктің жылына шүйліккен.
"Сыныптастар осылай бір-біріне бірігіп, үйі жоққа үй, көлігі жоққа көлік сыйласа күшті ғой", "Елдің досы дос", "Достары көлік сыйласа, онда ол оған лайық", Нағыз дос көре алмай күндемейді, қайта бірдей болып жүрсе дейді", "Ескі көлік екен ғой дейтіндер, өздерің сол ескі көлікті де бере алайсыңдар ғой", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Мұсылмандарға брекет салдыруға бола ма?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә