Алматы облысы Есік қаласының әкімі пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жергілікті атқарушы органдардың заңсыз әрекеттері бойынша азаматтардың шағымдарына жедел ден қою нәтижелерінде жемқорлық қылмыстық құқықбұзушылық жасауда Алматы облысы Есік қаласының әкімі әшкереленді", - делінген ведомство хабарламасында.
Ол қаланың ойын алаңын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін жеке компания өкілінен ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілініп отыр. Күдікті кінәні толығымен мойындады.
Соталды тергеу жалғасып жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!