Таразда 3 жасар және алты айлық бала үйде есік жабылып, пәтерде қалып қойған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
25 ақпанда Тараз қаласындағы 15 шағын ауданында 3 жасар бала мен 6 айлық бала есігі жабылып қалған пәтерде қалып қойды.
Шақыртуға 5 құтқарушы - Сахариев С., Кадыров Ж., Калмаханов А., Телеубаев Е., Тлеукулов Р. шықты. Құтқарушы Рахат Тлеуқұлов альпинистік құралды қолданып 4-ші қабаттың терезесінен кіріп есікті ашып берді, балалар анасына тапсырылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз