Атырау облысы Жангелдин ауылында қаза тапқан отбасының туыстары түсініксіз жайтты айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Өткен демалыс күндері ауыл халқы бүтін бір отбасының мәңгілік үйін көтерді. Мақсот Мұқанғалиұлы, Наурыз Мақсотұлы, Мейрамгүл Мақсотқызы, Нәсіп Бақытқызы бірінен кейін бірі жерленген. Қаңырап қалған қоныста түтін түтетіліп, құран оқылған. Аңырап қалған ағайын бауырларын еске алған. Сондай-ақ, марқұмдардың шаңырағына жиналған жақындары күйеу баламен бірге күдікті деп танылған Ақбаянның бұл жантүршігерлік қылмысқа қатысы барына сенбейді.
Олар ашық сотты талап етіп отыр.
"Өте қиын, үйі қаңырап бос тұр. Тәтемнің үйіне барамын деп келетін едік. Алдымнан Наурыз бен Мейрамгүл атып шығып құшақтайтын еді. Енді олар да өмірде жоқ. Ендігі таңда сот процесі ашық болуын талап етеміз. Халықтың назарында болғандықтан, бәрін естігіміз келеді", - деді марқұм Мақсот Мұқанғалиевтің қарындасы Әсила Мұқанғалиева.
Марқұмдардың туыстары тағы бір түсініксіз жайтты айтты. Олар қылмыс болған үйдің кілтін құзырлы органдардан жақында өздері сұрап алған. Осында келіп, жеті шелпек пісіріп, иіс шығарып, жинап-тазалап жүрген. Телеарна мәліметінше, олар бірнеше күн бұрын есік алдындағы табалдырықтан тағы бір кілтті тауып алған. Ауылдағы ағайын бұл екінші кілт қайдан шыққанын, кім қойып кеткенін түсінбей дал.
Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуіне де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланды:
Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел тергеу тобы құрылды.
6 қаңтарда ерлі-зайыпты сарайдың ішінен өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Осыдан кейін іс адам өлтіру дерегі бойынша қайта сараланып, марқұмдардың балаларын іздеу жұмыстары жалғасты. Кейін олар да өлі табылды.
Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамға, яғни осы отбасының бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды. Онымен бірге ерлі-зайыптының кіші қызына да халықаралық іздеу жарияланды. Бұрын ол күдіктімен некеде тұрған.
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысы Полиция департаменті жүргізді.
24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні және марқұмдардың кіші қызын Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды.
Кейінірек ІІМ баспасөз қызметі күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты Қылмыстық кодекстің мына баптары бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!