Ештеңені растай да, жоққа шығара да алмаймыз - Бозымбаев ұшақ апаты туралы

Ештеңені растай да, жоққа шығара да алмаймыз - Бозымбаев ұшақ апаты туралы
Фото: ТЖМ

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты тергеу жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, шенеуніктер әзірге БАҚ-тың ұшақ апатының себептері туралы ешқандай мәлімдемесіне жауап бермей отыр, өйткені олар қандай дереккөзге негізделгенін түсінбейді.

"Бүгінгі жағдай бойынша ешқандай нұсқаны растай да, жоққа шығара да алмаймыз. Тергеу жүріп жатыр", - деді ол Tengrinews.kz тілшісіне.

Оның айтуынша, ертең Қазақстанға ТМД елдерінен Халықаралық авиация комитетінің мамандары, сондай-ақ Embraer компаниясының өкілдері мен Бразилияның авиациялық билігінің өкілдері келеді.

"Олар біздің Көлік министрлігі департаментінің басшысы басқаратын авиациялық оқиғаны тергейтін комиссияның құрамына енгізіледі. Ережеге сәйкес олар өз жұмыстарын бастайды. Бұл ретте полиция мен прокуратура сот-медициналық сараптама жүргізіп жатыр. Сондықтан бұл кезде кез келген нәрсе туралы айту ерте. Бұл - таза хайп", - деді вице-премьер.

Бұған дейін әзербайжандық бірнеше БАҚ, сондай-ақ Euronews телеарнасы ұшақтың зымыран салдарынан құлауы мүмкін екенін хабарлаған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек