- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ештеңе түсінбейсіздер" -...
"Ештеңе түсінбейсіздер" - жаңа министр өзінің декларациясы туралы
Жақында ғана тағайындалған Қаржы министрлігінің басшысы Мәди Тәкиев көпшілік алдында өз декларациясын көрсетіп-көрсетпейтіні туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкіметтің брифингінде Тәкиевке оның алдындағы Ерұлан Жамаубаевтың уәде бергенімен, декларациясын мүлдем көрсетпегені айтылды.
"Қаржы министрлігінің жаңа басшысы ретінде сіз өз декларацияңызды жария етесіз бе? Шенеуніктердің декларациясы жария болуы керек дегенге қатысты ұстанымыңыз қандай?", - деп сұрады журналистер.
Мәди Тәкиевтің айтуынша, шенеуніктердің декларациясы жария болады.
"Біздің заңда 2025 жылдан бастап барлығы жарияланады деп жазылған. Менің декларацияма келетін болсақ, мен оны жариялай аламын, әрине, бірақ ол жерде ештеңе түсінбейсіздер. Себебі бізде тіркелген мүлікті көрсетудің қажеті жоқ, өйткені ол мемлекеттік ресурстардан "тартылады", - деп жауап берді Такиев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек