- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ештеңе көмектеспеді". Динара...
"Ештеңе көмектеспеді". Динара Сәтжан қолында жара пайда болғанын айтты
Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан бұдан үш жыл бұрын коронавируске шалдығып, денесінде жара пайда болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті.
"2020 жылғы жазда ковидтен кейін сол қолымда жара пайда болды. Алдымен жараның жері ашытып, кейін ол қалыңдай берді. Кейін тіпті терім құрғап, түлей бастады. Жарам одан да нашар болып кетті. Мен дерматологтарға бардым. Түрлі жақпамай жазып берді, бірақ ештеңе көмектеспеді. Бір апта ештеңе жемедім, сол көмектесті. Тек арнайы сұйықтық іштім. Және демалдым. Дәлірек айтқанда мұхитқа бардым. Сульфат, магний, хлорид және кальций сияқты минералдың көп болуына байланысты мұхит суы иммунитетті арттырады, сонымен қатар, тері ауруларын емдейді. Жалпы, мұхит тері антисептигі десек те болады. Жарам солай кетті, Құдайға шүкір қайта шықпады", - дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Динара Сәтжан оқырмандарына ешкімнен ұялмай, көмек қолын созуды ұсынды.
"Көбіне біз жара немесе созылмалы диагноз туралы, тіпті туыстарымызға да айтуға ұяламыз. Google-дан іздейміз, өзіміз емделіп бастаймыз және шындықты білуге қорқамыз. Мен тіпті онкологтарға бардым. Әрине, қорқынышты болды, бірақ мен бардым.
...Ұялмайық. Бір-бірімізге көмектесейік", - дейді тележүргізуші.
Айта кетейік, Динара Сәтжан - қазақстандық журналист, тележүргізуші, кәсіпкер, сән продюсері, мультибренд дүкендер желісінің иесі, блогер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек