Актриса Әсел Асқар әлеуметтік желіде оқырманына сый беріп қуантты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің тосын сыйына оқырманы алғыс білдіріп, көзіне жас алды.
"Ештеңе кездейсоқ болмайды. Сауда орталығынан шығып, спорттық костюмдер сататын бутикке барғым келді. Не үшін барғаным белгісіз. Енді түсіндім. Менің Бусинкам осында әкелген сияқты. Келген бойда маған 2 қыз жүгіріп келді. Олар естелік ретінде суретке түсуімді өтінді. Әрине келістім. Сосын дауысы дірілдеп жылап қалды. Қатты ұялдым. Ол мені көріп, абдырап қалғанын және жүкті екенін айтып, мұны гормондармен байланыстырды. Сосын жүкті әйелді қуантқым келді. Менің кішкентай сыйлығымнан бас тартпағаны үшін оған ризамын. Өзіме ештеңе алған жоқпын. Ал оқырманым жаңа костюм алды", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!