- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Данияр Елеусінов
“Ештеңе берілмеді“. Данияр Елеусінов спортшыларға көлік мінгізуге қатысты ойын айтты
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Рио Олимпиадасы кезінде спортшыларға қандай сыйлық берілгені туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Спортшы бұл туралы Ulysmedia YouTube арнасында берген сұхбатында сөз қозғады.
Журналист спортшыдан "бас-басына көлік, миллиондаған ақша беріп, оларды еркелетіп алмадық па?" деп сұрады.
"Шынын айтсам, олай қызғанғандай болғым келмейді. Қолы ашық азаматтар беріп жатса, әрине, осыған дейін біздегі нөмірі бірінші спорт түрі ғой. Ол да дұрыс, бағалануы керек деп ойлаймын", - деп қысқа қайырды ол.
Сонымен қатар спортшы Рио Олимпиадасы кезіндегі жағдайды еске алды.
"Шынымды айтсам, есімде жоқ, бізге Рионың алдында ештеңе берілмеді. Бірақ басқалай көмектер көрсетілді. АҚШ-қа жаттығу жиындарына бардым. Оның шығындарының бәрін жауып берді. Дайындалдым, сұрандым, ұлттық құрамадан бөлек. Америкаға барып келейін, потенциалды қарсыластарыма өзімді көрсетпейін, көз үйретпейін, бой үйретпейін деп, Америкаға сұранып, сол жақтан жақсы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп келдім. Яғни біз қолдауды өзімізді дамыту жағынан қолдандық. Қазір енді сыйақыны алғаннан кейінгі жағдай адамның өзіне де байланысты, одан да жақсы жұмыс істеймін десе, әрине", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Данияр Елеусінов Алматыдағы бокс кешінде қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева