Әнші Әйгерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжанмен қарым-қатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Нұрлан екеуіміз сонау бала кезден бір-бірімізге еркелеп өскен достармыз. Жұмысымызға үлкен жауапкершілікпен қараймыз! Ешкімнің отбасы ойрандалған жоқ, шүкір! Бізді байланыстыратын - өнер! Біз бір-біріміздің жеке шекарамызға мұрын сұқпаймыз. Әркім өз әлемінде бақытты! О, Жаратқан ием! елім, ата-анам, ер азаматым, балаларым, бауырларым және менің қымбатты инста әлемімдегі достарым бағыма аман болсын!!! Әмииин!!! P.S. Өмірдегі досым, өнердегі әріптесім Нұрлан екеуіміздің бірігіп жасаған жұмысымыздың, яғни, "Рас па?" атты бейнебаянымыздың кадрдан тыс сәттерінен үзінді видеоларды тамашалаңыздар!", - деп жазды Әйгерім Қалаубаева.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!