- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ешкіммен сөйлескім келмеді"....
"Ешкіммен сөйлескім келмеді". Аманжол Әлтаев жары мен қызынан айырылған қаралы оқиғаны еске алды
Ақын Аманжол Әлтаев отбасылық өмірі туралы сыр шертті. Бұл туралы айтыскер "Алғашқы" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2007 жылы 12 қыркүйекте Астана - Қарағанды тасжолында ақынның өміріндегі қаралы жағдай болған.
"Екінің бірі көтеріп кете алмайтындай сынақ болды. Қанатымызды енді ғана жая бастаған кезеңде тосыннан болған қайғы болды. Сүйікті қызым Ханзадамен бірге асыл жарым Ақмарал оқыстан жол апатынан кетіп қалғаны Алла тағаланың маған берген үлкен сынағы болды. Өмірдің өзі күңгірттеніп, мән-мағынасы қалмай, елдің ортасына барғым келмей, ешкіммен сөйлескім келмей, оңашалана беруді қалайтын сәттер болды. Үйіңнің ішіне кіргің келмей, сондай бір бұлыңғыр күндер болды. Барлығынан өтуіме жанымдағы достарым, ең жақын жанашыр туыстарымның маған берген ақыл-кеңесі, мейірімі үлкен көмек болды. Жарым қайтыс болғаннан бері намазға жығылдым. Құдайға шүкір, Ақжолтайым 4 жасар бала еді, қазір 20-ға келді, үлкен қызым 4-5 оқитын кішкентай қыз болатын, қазір үлкен қызымнан екі жиен көріп отырмын... ", - деп еске алды ақын.
Ол сол оқиғадан кейін шаңырақ көтермегенін де жеткізді.
"Дәл Ақмаралдай кездестірген жоқпын, ондай табу қиын шығар. Бұл - жеке тағдырым. Шешім өзімде болсын", - деді Аманжол Әлтаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова