- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ешкіммен дуэт айтпаңыз"....
"Ешкіммен дуэт айтпаңыз". Нұржан Керменбаевтың әйелі әншіге шарт қойды
Әнші Нұржан Керменбаевтың жары өнер иесіне ренішін білдіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, әншінің өзге қыздардың қолынан ұстап, ән айтқаны ұнамаған. Тіпті, әлеуметтік желідегі парақшасына жазылмай, телефонына атымен ғана сақтап қойғанын айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Ел-жұрттың бәрі бізді ажырасты деп ойлап жүр ғой. Сен Instagram-да мені қайтадан оқысай, маған жазылсай. Сосын телефоныңда есіміммен Нұржан Керменбаев деп жазыпсың. Олай болмайды. Бұл менің жұмысым ғой. Салтанатпен де ән айтып жүрмін ғой" , - деп әнші өтініш жасады.
Өнер иесінің өтінішіне жары іс-әрекетіне байланысты ренішін айтты.
"Өзіңіз ғой енді. Қыздардың қолынан ұстап, ән айтып жүрсіз. Басында олай келіспедік қой. Дуэт айтпаңыз онда ешкіммен. Ешкімнің қолынан ұстамайсыз, сол кезде парақшаңызға жазыламын", - деді әншінің жары.
Желі қолданушылары "Нәзөк, жеңдің", "дұрыс айтады, қолынан ұстамай айта бер әнді", "осыдан кейін Нұржанды ешкім көрмепті", "әйеліңіз неткен сұлу", "неткен көркем келіншек", "осылар қалай қызғанбайды дейтін едім" деп жазды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы