- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ешкімге пайдасы тимейді"....
"Ешкімге пайдасы тимейді". Бейсембаев мектептегі хиджаб мәселесін көтермеуді сұрады
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев енді мектептегі хиджаб мәселесін көтермеуді сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство басшысының айтуынша, Қазақстандағы оқушылар мектептегі ережені сақтауға тиіс.
"Бұл мәселе айтылған. Жалпы білім беру мекемелері оқу мен тәрбие беруді көздейді. Мектепке келген бала форманы сақтауы, мектепішілік тәртіпке бағынуға тиіс. Ата-аналардың ең басты мақсаты - балаларының білімді әрі мықты азамат болып қалыптасуы. Сондықтан да ата-аналарға басты мәселеден ауытқымауымыз керек деп айтқым келеді", - деді Ғани Бейсембаев Үкіметтің баспасөз орталығында.
Министр ата-аналардан хиджаб мәселесін енді көтермеуді сұрады.
"Бұл бағытта маған шағым түспеді. Себебі барлық білім беру мекемесі тиісті заңды орындауға міндетті. Бұл бағытта жұмыс жалғасады. Ата-аналар аталған мәселеге түсіністікпен қарап, баланың бақытты әрі мықты азамат болуы үшін жұмыла үлес қосуы керек. Бұл мәселені ары қарай өрбіте беру ертеңгі жас ұрпағымызға еш пайдасы тимейтінін түсінетін уақыт келді деп ойлаймын", - деді ол.
Аяз Есен
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!