- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Ешкімді тастаған жоқпын“....
“Ешкімді тастаған жоқпын“. Айқын Төлепберген отбасына қатысты сынға жауап берді
Танымал қазақстандық әнші Айқын Төлепберген жылдар бойы әйелін тастап кетті дегендерге жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстан аруы - 2013" байқауының жеңімпазы Айдай Исаева әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. Желі қолданушылары видеода Айқын Төлепберген мен оның әйелі Жұлдыз Өмірғалиді көріп қалып, түрлі пікір жазған.
"Айқын әйелін тастап кеткелі ұнамай қалды", "Келіншегін тастап кеткенде өзім де жылап алған едім", "Айқын маған да ұнамай қалды. Балалы болып, жас қызға кетіп қалды. Тастап кеткен әйелінің бағы ашылсын. Бақытты болсын", "Айқын сол жағдайдан соң мүлдем ұнамай қалды. Әндерін тыңдамай кеттім", - деп жазып жатыр желі қолданушылары.
Ал Айқын Төлепберген: "Бәрі қасымда. Ешкімді тастаған жоқпын", - деп жауап берген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева