- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ешкімді кінәламаймын". Асан...
"Ешкімді кінәламаймын". Асан Пердешов неге ажырасқанын айтты
Фото:
asan_perdeshov Instagram-парақшасынан
Әнші Асан Пердешов "Менің өмірім" бағдарламасында осыған дейін ешкімге ашпаған жан сырын айтып, отбасылық өмірі туралы әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Шапалақ бір қолдан шықпайды, екі қолдан шығады. Сондықтан ешкімді кінәламаймын, тағдыры солай болған шығар. Бірінші отбасым сәтсіз болды. Әрине, өкініш болады. Кішкентайлы болған жоқпыз. Бірақ перзент болмаған соң ажырасуға алып келген жоқ. Тағдырымыз, сөзіміз жараспады. Өнер адамының жары болу сырт көзбен қарағанда, қызық сияқты. Бірақ оңай емес. ...Мен де жас болдым ба, тағдырымыз жараспады. Қазір екеуміз де отбасылымыз", - деді әнші.
Айта кетейік, Асан Пердешов - "Қара қызым", "Ұмыта алмаймын", "Қызғалдағым", "Қос жүрек вальсі" секілді әндерімен танымал қазақстандық әнші.
Ж. Қадыржанова