Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Грузияда көз жұмған журналист туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Грузиядағы Қазақстан консулдығы бұл мәселеден әу бастан хабардар болған.
"Қайғылы оқиға бірнеше ай бұрын болды. Ол кезде біз оның журналист екенін мүлдем білмедік. Ол бұл елге өзі саяхаттап барған. Ал оның кәсіби қызметіне аталған оқиғаның ешқандай қатысы жоқ. Ол қарапайым Қазақстан азаматы ретінде өзінің танысымен Грузияға аттанған. Грузия ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда күдікті ұсталды. Тергеу шаралары жүріп жатыр. Сот шешімі шыққан уақытта Грузия билігі бізге хабарлама береді. Әзірше Грузия азаматы күдікті деп танылып отыр", - деді Айбек Смадияров.
Ол өзге мемлекеттегі тергеу процесіне ешкімнің, оның ішінде марқұмның жақындары да араласа алмайтынын айтты.
"Ешкім де тергеу шараларына қатыса алмайды. Біздің елімізде де тергеу іс-шараларына қатысуға рұқсат етілмейді. Консул марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста, бірақ сотқа кім қатысатынын білмеймін", - деді ведомствоның ресми өкілі.
Айта кетейік, өткен айда қазақстандық журналист Жанбота Төлеген Грузияда кісі қолынан қаза тапқан болатын.
Азамат Қойшығара
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!