- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ешкім тартып ала...
"Ешкім тартып ала алмайды". Илья Ильин 12 жыл бұрынғы Олимпиаданы есіне алды
Осыдан 12 жыл бұрын Лондондағы Олимпиадада жеңіске жетіп, кейін допинг қолданғаны үшін чемпиондығын кері қайтарған Илья Ильин өзін әлі де болса чемпион санайтынын жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"12 жыл бұрын жарқын да мықты жеңіс болды. Оны менен ешкім тартып алмайды. Бұл біздің жеңісіміз болды. Менің жеңісім болды. Жақындарымның, туған-туыстарымның және еңбегімді бағалайтындардың барлығы үшін жеңіс. Шарттар барлығына бірдей болды, мен жеңіске жеттім.
Бәрімізді жеңісімізбен құттықтаймын, достар. Лондон 2012", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол бұл жазбаны 12 жыл бұрын жеңіс тұғырына көтерілген күні жариялаған. Спортшыға допинг қолданды деген айып тағылғанымен, мұны Илья Ильин әлі күнге дейін мойындаған емес.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева