Ресейдің Усть-Илимск қаласындағы әскери комиссариатта атыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Telegram-арна мәліметінше, күдікті ғимарат ішіне кіріп "ешкім соғыспайды" деп, алдын ала мәлімет бойынша, әскери комиссариаттың бастығы Александр Елисеевке алты рет оқ атқан. Оқиға видеоға түсірілген.
Атыс шығарған ер адам ұсталған. Ол 25 жастағы жергілікті тұрғын Руслан Зинин болып шыққан.
Зардап шеккен әскери комиссариат бастығы Александр Елисеев жансақтау бөлімінде жатқаны, жағдайы ауыр екені айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!