- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ешкім ренжімейді деп...
"Ешкім ренжімейді деп ойлаймын". Алтынай Жорабаева жаңа туған сәбиін қырқынан шығарды
Әнші Алтынай Жорабаева қызы Аминаны қырқынан шақырды. Өнер иесі қуанышты сәтін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, айтулы рәсімге көп адам шақырмаған. Ағайын-туыс пен құрбыларының арасында атап өткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Әне- міне дегенше, 40 күн де өте шығыпты. Кішігірім ортада Амина Алишерқызын қырқынан шығардық . Себебі, вирус өршіп тұрғанда , үйге көп адам шақырмадық . Оған ешкім ренжімейді деп ойлаймын . Алла қаласа, күн жылығанда, ағайын-туыс, дос-жаранның басын қосып, ШІЛДЕХАНА ТОЙ жасауға ниеттеніп отырмыз. Міне, осылай кішігірім ортада , АҚ ТІЛЕКТЕРІН ЖАУДЫРЫП, мәре-сәре болып , Аминамызды қырқынан шығарып алдық", - деп жазды ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы