Түркістан облысында полицейлер асханадан ұялы телефон ұрлап кеткен қызды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Келес аудандық полиция бөліміне ұрлық жасалғаны туралы арыз түскен. Әйелдің айтуынша, сағат 14:20 шамасында белгісіз біреу оның Samsung А-51 ұялы телефонын ұрлап кеткен.
Бұл деректі полицейлер ҚР ҚК-тің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркеді.
Хабарлама түскен бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жеткен. Олар куәгерлермен сұхбаттасып, бейнебақылау камераларын қараған.
Жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Жәбірленуші асханада тазалаушы болып жұмыс істейді. Ол телефонын орындыққа тастап кеткен. Бұл уақытта асханаға келген зейнеткер әйел ұялы телефонды байқап, оны үстелге қойған. Жақын жерде тұрған қыз ұялы телефонды ешкім көрмей тұрғанда сөмкесіне салып алған. Күдіктіден заттай дәлел ретінде алынған ұялы телефон заңды иесіне қайтарылды.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!