- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ешкім ештеңе түсіндірмейді"....
"Ешкім ештеңе түсіндірмейді". Алматы мектептерінің бірінде дау шықты
Алматы мектептерінің бірінде дау шықты. Ата-аналар білім мекемесінің бір бөлігі жеке қолға өтуі мүмкін деген жаңалыққа наразылық білдіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әңгіме Алматы қаласы Бостандық ауданындағы "Нұр Алатау" шағынауданындағы №189 орта мектеп туралы болып отыр. Оқушылардың бірінің ата-анасы мән-жайды айтып берді.
"Мектептің екі бөлігі бар. Бір бөлігі жекеменшік мектепке беріліпті, ал екінші бөлігінде қыркүйектен бастап біздің балалар оқиды. Асхана жекеменшік мектепке беріледі, кіреберісі бөлек болады. Бұл мектепте оқыған оқушылардың бәрі бір бөлікке ауыстырылады екен", - дейді оқушының ата-анасы Анаргүл Абликим.
Мектепте 600 бала оқитыны белгілі болды. Жалпы, мектеп 1200 балаға есептелген.
"Бұл жағдайға бүкіл мектеп ашуланып отыр. Бір-екі күн бұрын ғана белгілі болған, біз күні кеше білдік. Мектеп үстелдерін тасуды өтінді, "сынып басқа қабатқа ауыстырылып жатыр" деді. Не болып жатқанын түсінбедік. 2-3 күн бұрын мектептің жартысы жекеменшік мектепке берілгені айтылды. Бұл құжаттарға қол қойылғаны не қойылмағаны, кіммен келісілгені белгісіз, ешкім ештеңе түсіндірмейді, бірақ жекеменшік мектепте жөндеу жұмыстары жүріп жатыр", - деді әйел.
"Егер 600 бала бір қанатқа ауыстырылса, яғни бір кабинет бірнеше сыныпқа арналады, сәйкесінше мектеп бірнеше ауысымға бөлінуі әбден мүмкін. Балам 1-сыныпты енді бітірді. Ата-аналар арыз жазады", - деп қосты Анаргүл Абликим.
Мектеп оқушылары видео үндеу түсіріп, мәселені ашық айтты.
Алайда Алматы қаласының Білім басқармасы "Нұр Алатау" шағынауданындағы №189 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп ғимаратының бір бөлігін жалға беру мәселесіне қатысты бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және бұл мәселе қарастырылмаған деп сендірді.
Д. Шәріпхан"Жалға беру туралы кез келген ақпарат сенімсіз. Оның үстіне, Алматы қалалық құрылыс басқармасы мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу және оны қалпына келтіру жұмыстарымен қоса сейсмикалық күшейту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді жоспарлап отыр. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2023 жылға жоспарланған. Сонымен қатар, бұл мектепте мұғалімдер мен ата-аналар арасында қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деді Алматы қалалық Білім басқармасы өкілдері.