“Ешкім ешқандай тапсырма берген жоқ”. Төреғали Төреәлі даулы ән туралы шынын айтты

Танымал әнші Төреғали Төреәлі көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сіздерге "Қазақ полициясы" әнінің тарихын айтып берейін. Жалпы қандай мақсатпен шықты? Бұл ән Қайнар Алагөзовтың өлеңіне жазылған Құрал Молжановтың әні. Бұрын Естай Бақбергенов деген жігіт 2019 жылы орындаған. Телефон соғып, сөйлесіп, рұқсатын алып, рахметін айтқан болатынмын", - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Ал "Қазақ полициясы" әні мемлекеттің тапсырысымен жазылған ән бе?" деген сұраққа ешкімнің ешқандай тапсырма бермегенін айтып ақталды. 

"Ешкім ешқандай тапсырма берген жоқ! Өзіміз ақылдасып, айтсақ қалай болады екен дедік. Әкенің де ақылын сұрадық. Жалпы ақылдасвп жасалған дүние. Көбісінің көкейінде жүрген осы сұрақ шығар. Қанішерлік қанымда жоқ, Жағымпаздық жанымда жоқ. Себебі кез келген әнді, туындыны шын жүректен айтпасаң ол халыққа өтпейді", - деп жауап берді Төреғали Төреәлі. 

 

 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!