"Ешкім ажырасам деп үйленбейді" Салтанат Құдайбергенова сәтсіз некесі туралы

"Ешкім ажырасам деп үйленбейді" Салтанат Құдайбергенова сәтсіз некесі туралы
Фото: instagram.com/saltanatmusic

Ажырасқаннан кейін 3 жыл күйзелісте жүрген әнші, актриса Салтанат Құдайбергенова бүгінде шығармашылыққа білек сыбана кіріскен. Көптеген сұхбаттарда бір сырын жасырып қалатын өнер иесі Massaget.kz тілшісіне ағынан жарылды.

 “Бала күтуші”(Няня) отандық веб-сериалында Нұргүл есімді кейіпкерді сомдаған актриса осы рөлі үшін мардымды қаражат алмағанын жеткізді.

Себебі режиссермен өзара келісім болды. Әрине кішкене қиындықтар, келіспеушілік болды дейтұрғанмен маған сценарий ұнаған соң, және Режиссердің өзі “Вот она Нургуль, она будет” деп таңдап тұрған соң, өзім тілеп алған рөлім болған соң бәріне көз жұмдым. Өзімнің өміріме де Нұргүл қажет болып жүр. Негізі мен өзіме жақын жанға Нұргүл сындымын. Ал өз өміріме өз сұрақтарыма келгенде дәл Нұргүлдей абдырап қалады екенмін. 

 

Құдайбергеновтар әулетінде дүниеге келген бұрымды бүгінде отбасылық кәсіпті де дөңгелетіп отыр. 

Жаңа жылда ата анамның өнер шаңырағы, мен үшін қара шаңырақ Алматы Областық Сүйінбай атындағы филармониясында жұмыс істей бастадым. Өзімді өнерімнің тағы бір қырын Режиссер жағынан дамытсам деген мақсатта жүрмін. Осы күнге дейін кино мен әншіліктен бөлек арасында концерттердің сценарилерімен жұмыс істеп, концертке, бишілер қатысатын конкурстарға қойылым қойып соны бір ерекше жақсы көруші ем. Оның өзі бекер емес екен. Өнер адамы өзін жан жақты дамыту керек деген ұстанымымды іске асыратын кезім жетіпті.

Актриса өзінің сәтсіз некесі туралы да айтып өтті.

 

Негізі көп сұхбаттарда бұл сұрақтан бас тартатынмын. Сіздерге эксклюзив болсын айтып берейін. Оқу ордасынан кейін бір жігітті сүйіп шаңырақ көтердік. Бірақ некеміз сәтсіз болды. Ешкім ажырасам деп үйленбейді ғой. Менің ойымда ажырасу мүлде болмаған. Әрине 2-3 жылдай күйзелісте жүрдім. Аллаға тәубә ата анамның қолдауымен бұл сынақты да жеңіп шықтым.

 

Актрисаға қиын кезеңді артқа тастауға көмектескен жаңадан өмірге келген қызы екен.

 

Анамның туған күніне үлкен қуаныш болып өмірге келді. Аллаға сансыз шүкір көмекшім бар. Менің құтқарушым болды. Осы күнге дейін көп айтпайтынымның себебі көз бар сөз бар. Жақындарымыздан басқа ешкім шындығын білмейді ғой не болғанын. Тек неше түрлі жорамалдап ой түйеді. Тіл тигізеді. Сол себептен барлығы өз кезеңімен болар деп жүрдім. Ақтарылып айтуым сіздерге бұйырып тұр екен. Бірақ тұрмысқа шығуға ниеттімін. Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан ғой. Өмірдің қызығы мен шыжығына бірге көніп, бірге көріп, бір-бірімізге қамқор болып, қартайғанда еске алып күліп шәй ішіп отыратын шалым болса деп армандаймын”, - дейді сөз соңында актриса.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы