Танымал қазақстандық әнші Мақпал Жүнісова ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай әндерін шырқап, "ешқашан ұмытылмайды" деп есіне алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгін ұлы композитор Шәмші Қалдаяқов ағамыздың туған күні,жатқан жері жайлы болсын, ұрпағы мың жасасын", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
"Вальстің королі Шәмші ағамыздың туған күні құтты болсын, жаны жаннатта болсын!", "Осы әнге Закең мен билеп айтқаны нағыз махаббатты көресің.Шіркін өткен шақ махаббат", "Сіздер тұрғанда бұл атағы бар композиторымыз ешқашан ұмытылмайды" деп пікір қалдырып жатыр желі қолданушылары.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!