АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Twitter-парақшасында қазақ тілінде жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол Қазақ еліндегі сапары сәтті болғанын айтып, Мемлекет басшысына алғысын білдірді.
"Қайырлы күн, Қазақ елі! Маған сапарым мен осындағы кездесулер ұнады! Қазақстанда мені жылы қабылдағаны үшін Президентке және Сыртқы істер министрлігіне рақмет", - деп жазған ол.
Сондай-ақ, ол Ұлттық өнер университетіне барып, қазақ тілі, музыкасы мен мәдениетіне тәнті болғанын айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!