ҚР Президентінің телерадиокешені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көрмеде сауда жасаған видеосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео жақында Тәжікстанның мәдениет күндерін атап өту аясында Қазақстанда EXPO халықаралық көрме кешенінің алаңында өткен ауқымды жәрмеңке-көрмеде түсірілген болуы мүмкін.
"Мен ешқашан тегін алмаймын. Тіпті Қазақстандағы көрмелерде де ақшасын төлеп аламын", - дейді видеода Президент Тоқаев.
Артынша видеода Президенттің басқа да көрмелерде ақшасын төлеп сауда жасап жатқаны көрсетіледі.
Еске салайық, 25 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстанның халық шығармашылығы көрмесін аралап көрген болатын. Экспозицияға тастан, ағаштан, қыштан және бағалы металдардан жасалған 200-ден астам қолөнер бұйымы қойылған.
Сондай-ақ, дәстүрлі өрнектермен нақышталған ұлттық киімдер, белгілі тәжік суретшілерінің картиналары және Тәжікстанның көрікті жерлерінің фотосуреттері қойылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!