Ешқашан сатпайды. Нағыз дос бола алатын 3 жұлдыз белгісі

Ешқашан сатпайды. Нағыз дос бола алатын 3 жұлдыз белгісі
Фото: Ернар Алмабек

Әлемдегі ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, оның  ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Жұлдыз белгісі бойынша кімдер шынайы дос бола алады?

Торпақ
(21 сәуір - 20 мамыр)

Ең сенімді және жақсы дос бола алатын жұлдыз белгісі кім десеңіз, астрологтар бір ауыздан Торпақты атайды. Себебі бұл жұлдыз белгісінің достықтағы адалдық сезімі басқаларға қарағанда күштірек. Олар сізді әрдайым қолдайды және ешқашан сатпайды. Сіз олардан әрқашан көмек сұрай аласыз.

Шаян
(21 маусым - 22 шілде)

Тыныштықты, қамқорлықты және жайлы кештерді жақсы көретіндер үшін Шаян жақсы дос бола алады. Бұл жұлдыз белгісі өкілдері өзгерісті жақсы көрмейді, сондықтан досты ұзақ әрі мұқият іздейді, бірақ кейін онымен мәңгі дос болады. Шаяндар жақындарына қамқор болғанды жақсы көреді және оларға жақсы көңіл күй сыйлайды. Олар достары үшін бәріне дайын.

Таразы
(23 қыркүйек - 22 қазан)

Таразылар достарды оңай табады, себебі олар байсалды, сабырлы және қарапайым. Олар сұлулықты жақсы көреді және романтикаға бейім. Бұл жұлдыз белгісі өкілдері - керемет достар, себебі олар кез келген жағдайда кеңес бере алады. Сіз онымен кез келген тақырыпта сөйлесе аласыз, ал олар сізді әрқашан тыңдайды және қолдайды.

Досыңыздың токсик екенін білдіретін 5 белгі

А. Жапатова