Желіде Нұрлан имамның әйелге қол көтеретіндер туралы айтқан пікірі тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
TikTok әлеуметтік желісінде Нұрлан имамның әйелге қол көтеретіндер туралы айтқан пікірі тарады.
"Әйелге қол көтеретіндер - біткен адамдар. Олар ешқашан адам болмайды. Әйел, қыз кінәлі болып тұрса да қол көтеруге болмайды. Ол - қарындасымыз, біреудің болашақ жары, мемлекетіміздің тұлғасы. Қызға қол көтеріп, теуіп, үстінен секірген адам адам ба? Адам емес. Оны ештеңе ақтамайды. Егер әйелдің сөзі ұнамаса, ажырасып кет, сотқа бер. Бірақ адамды ұру - надандық. Қандай надандық, хайуан олай істемейді", - дейді ол.
@naz..eex @NURLANIMAM 😊#бишембаев #салтанатнукенова #айелдиуру ♬ оригинальный звук - Солнышко💝
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!