“Ешқандай кінәм жоқ еді“. Қазақстандық танымал әнші қамауға алынды

“Ешқандай кінәм жоқ еді“. Қазақстандық танымал әнші қамауға алынды
Фото: Коллаж: instagram.com/seitjapp.aro.ff, depositphotos.com

ARO лақап атымен танылған қазақстандық әнші Арман Көмекұлы 15 тәулікке қамауға алынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Arman Kõmekūly – ARO (@seitjapp.aro.ff)

Бұл туралы әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, оқиға кеше болған.

"Кеше Шаляпин бойында келе жатқанымызда бізді жол-патрульдік полициясы тоқтатты. Себебі көлігіміздің сақтандыруы жоқ екен. Мен рөлді масаң қалыпта айдаған жоқпын, сау кісіге - ағама берген болатынмын. Сол кісіден күдіктеніп, сараптамаға алып барып, қанынан жағымсыз заттар табылып, не керек, 15 күнге кетіп бара жатырмын. Жазықсыз кетіп бара жатқан секілдімін. Өйткені өзімнің көлігімді сау адамға бердім деп ойладым", - деп жазды ол.

Әнші сонымен бірге сотқа апелляция беру үшін адвокат іздейтінін де мәлімдеді.

Алайда кейінірек бұл видеожазбасын өшіріп тастады.

Massaget.kz тілшісі Алматы полиция департаментіне ресми сауал жолдады.

ARO - ерекше әндерімен танымал болған қазақстандық әнші.

"Мен бір ғана жанрға тәуелді емеспін және әлі күнге дейін музыкамды нақты сипаттай алмаймын. Адамдар менің тембрімде дәстүрлі реңкті еститіндерін айтады. Мен оны рэп деп те айта алмаймын, бірақ тректерімде речитатив бар. Балағат сөздерсіз және өтіріксіз өлең жазу ұнайды. Маған әндердің дәстүрден тыс құрылымы мен дұрыс өңделуі де ұнайды. Мен жаңа сезімдерді сезінгенде, бұрын-сонды жеп көрмеген дәмді тағамдардан дәм татқанда, жаңа қалалар мен бұрын болмаған жерлерді көргенде, жаңа қызықты адамдармен танысқанда шабыттанамын", - дейді әншінің өзі қазақстандық медиалардың біріне берген сұхбатында.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан