- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ешқандай кезек жоқ"....
"Ешқандай кезек жоқ". Елімізде үйге мұқтаж ғалымдарға ипотекалық бағдарлама іске қосылды
Отбасы банк пен Ғылым және жоғары білім министрлігі жас ғалымдарға арналған пилоттық жобаны іске қосты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл қазанда Ғылым және жоғары білім министрлігі мен "Отбасы банк" арасында жас ғалымдарға арналған 2023-2027 жылдарға кредиттеу бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес, Отбасы банк жас ғалымдарды кредиттеу үшін 5 жылға шамамен 16,6 млрд теңге қаржы бөледі.
Министрлікпен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы куәлігі бар 29 ЖОО-дан тұратын және 24 ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдар енген тиісті тізбе жасалып "Отбасы банкі" АҚ-на ұсынылды.
"Отбасы Банк" орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай бағдарламаға қатысатын жас ғалымдарға қойылатын талаптар туралы айтты.
"Келісімге сәйкес 40 жасқа дейінгі жас ғалымдардың магистр дәрежесіндегі атағы болуы керек. Гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында ғылыми жобалар мен бағдарламаларға қатысып жүрген ғалымдар қатыса алады. Ғылыми-зерттеу жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс. Бұл жерде ешқандай кезек жоқ. Университеттер мен инстиут басшылығы зерттеумен айналысып жүрген ғалымдарына жолдама беріп, банкке жібереді. Шартқа сәйкес олардың 20 миллион теңгеге дейін несие алуға мүмкіндігі бар", - дейді ол ОКҚ-да өткен брифингте.
Оның айтуынша, ғалым банкке келіп, өзінің төлем қабілетін растағаннан кейін үш айдың ішінде пәтер алуға болады.
"Басты шарт - ғалымның өз атында немесе отбасы мүшелерінің атында үй болмауы керек. Бұл үй сатып алуға берілген алғашқы көмек деуге болады", - дейді Жансұлтан Матай.
Жасұлан Ордабаев
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz