БҚО әкімі Орал әуежайының шетелдік инвесторларға сатылуына қатысты пікір білдіріп, әуежайдың 49 пайызы Ресей азаматтарына тиесілі екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұл мәміле жасырын жасалған жоқ. Бұл - стратегиялық нысан, бірақ ұшу-қону алаңы республиканың меншігінде", - деді Төреғалиев Үкімет отырысы кулуарында.
Ол 49 пайызы ресейліктердің меншігіне өткенін айтты. Бұл ретте үлес қандай заңды немесе жеке тұлғаға берілгені көрсетілмеген.
"Демек, стратегиялық нысандардың бәрі мемлекет меншігінде. Бұл - қызмет көрсететін басқарушы компания. Ешқандай қауіп жоқ, сондықтан тұрғындарға дұрыс ақпарат беруіңіз керек", - деп түйіндеді әкім.
Еске салайық, бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Орал әуежайының сатылуы туралы қауесетке қатысты пікір білдірген еді. Ол нысан сенімгерлік басқаруда болған деп жауап берді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!