Боксшы Жанқош Тұраров соңғы кезде қоғамда қызу талқыланып жатқан тақырыпқа қатысты пікір білдіріп, нүктесін қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұл лас әңгіме мені әбден шаршатты. Арызданушымен интимдік қатынас былай тұрсын, ешқандай қарым-қатынасым болған жоқ, нүкте", - деп жазды Жанқош Тұраров әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұған дейін Әнару Қалдыбекқызы есімді ару "Жанқош Тұраров зорлады" деп шағымданған болатын. Ал Жанқош Тұраров және оның адвокаты алғашқы күннен бастап-ақ бұл ақпаратты жоққа шығарумен келеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!